Қоғам
Жалпыхалықтық референдум – халық билігінің айқын көрінісі

Жылқайдаров Төлеутай,
Ерейментау ауданы әкімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңесшісі:
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум – халық билігінің айқын көрінісі.
Бұл үдеріс азаматтардың ел тағдырына тікелей қатысуына мүмкіндік беріп, демократиялық қағидаттарды нығайтады. Референдум арқылы қабылданған шешімдер қоғамның нақты сұранысы мен ерік-жігерін көрсетеді.
Сонымен қатар, жалпыхалықтық референдум Конституцияның легитимділігін арттырып, мемлекеттік реформалардың ашық әрі әділ жүзеге асуына жол ашады. Мұндай қадам Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға маңызды негіз қалайды.



