Ерейментауда 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызмет тарифтері бекітілді

Ерейментау ауданының әкімдігі 2026 жылы жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы қаулы қабылдады.
Құжат Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы №504 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Қаулыға сәйкес:
-
«Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылға арналған жан басына шаққан тарифтердің есептеулерін жүргізеді;
-
тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітіледі;
-
қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті орынбасарына жүктелді.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.



