Экономика

Ерейментауда сүт өндірісі дамып келеді

Ерейментау ауданының Елтай ауылында сүт өндірісі бағытында маңызды жоба жүзеге асуда. «Елтай Сүт» ауыл шаруашылығы кооперативі сүтті мал шаруашылығын дамытуға, қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға ден қойып отыр.

Фермада 120 бас ірі қара бар. Заманауи технологияны енгізудің арқасында тәуліктік сүт өндірісі 1,5–2 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Жоба аясында «Ата-Сүт» фермасын қалпына келтіру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл өнім сапасын жақсартуға, қызмет көрсету процестерін жеңілдетуге және көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік береді.

Кооператив алдағы уақытта қаймақ, сүзбе және сары май секілді өнімдер өндіруді жоспарлап отыр. Нарық ретінде Астана қаласы мен Ерейментау ауданы қарастырылған.

Қазіргі таңда кооперативте 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, жобаны іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Бұл ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button