Басты жаңалықДенсаулық
Қазақстанда баланың көзінше темекі шеккені үшін жаза қолданылуы мүмкін

Қазақстанда ата-аналар баланың көзінше зиянды әдеттерді көрсетсе, мысалы, темекі шексе немесе алкоголь ішсе, айыппұл арқалауы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды ereimeninfo.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Бала құқықтары туралы» заңға сәйкес, ата-аналар балаларды денсаулыққа бағытталған құндылықтарға тәрбиелеуге тиіс. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында ересектердің баланы зиянды әдеттерге үйретуі немесе тәрбиелеу мен күтім жөніндегі міндеттерін орындамауы үшін жауапкершілік көзделген.
ҚАНДАЙ ЖАЗА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес:
- алғаш рет – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл (43 250 теңге);
- бір жыл ішінде қайталап жасалса – 15 АЕК айыппұл (64 875 теңге) немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау;
- егер бала ересектің бастамасымен алкоголь тұтынса – 20 АЕК-ке дейін айыппұл (86 500 теңге) немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылады.



