Басты жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды.
Осыған дейін Трамп Газа бойынша бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын.
Ал Кеңес жарғасына Давоста 22 қаңтар күні қол қойылатыны айтылды.



