Басты жаңалық

Ерейментау ауданы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті

2026 жылғы 1 наурызда Ерейментау ауданы Қойтас және Өлеңті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі.

Ерейментау аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Ерейментау ауданының Қойтас және Өлеңті ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қойтас сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 193 азамат енгізілді, оның ішінде 140 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ахметов И.Қ. – 113; Әлжанова А.М. – 10; Сәулебаев М.Қ. – 8.

Қойтас ауылдық округі әкімі болып Ахметов Имаш Қабидоллашұлы сайланды, 1975 жылы туған, «Қойтас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ажы ауылында тұратын, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

 Өлеңті сайлау округі  бойынша сайлаушылар тізіміне 543 азамат енгізілді, оның ішінде 388 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған — 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Исенова Қ.Б. – 3; Сұлтанова С.У. – 177; Шақаев Қ.Ж. – 188.

Өлеңті ауылдық округі әкімі болып Шакаев Қуаныш Жұмағалиұлы сайланды, 1980 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Ерейментау қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button