Ерейментау ауданының әкімі Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады

Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтиуынша, алғыс айту – жай ғана сөз емес, жүректің жылуы, көңілдің кеңдігі, өткенге құрмет, болашаққа сенім.
Бұл күн – тағдыр тоғыстырған талай ұлт пен ұлысты бір шаңырақтың астына топтастырған қазақ даласының кеңдігін, халқымыздың дарқан көңілін айшықтайтын айрықша мереке. Бұл – бір үзім нанды бөліп жегеннің, қиындықта демеу болғанның, жақсылықты ұмытпағанның күні.
Ерейменнің елі ежелден ынтымақ пен бірлікті ту еткен. Кең сахараның төсінде татулықты тірек, еңбекті мұрат етіп, ұрпақ тәрбиесін ұлықтап келеді. Бүгінгі ауданымыздың жетістігі – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген берекелі тірліктің нәтижесі.
Алғыс айту – жай ғана сөз емес, жүректің жылуы, көңілдің кеңдігі, өткенге құрмет, болашаққа сенім. Біз аға буынның еңбегіне тағзым етеміз, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз, жас ұрпақтың жарқын келешегіне сенім артамыз.
Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ынтымақ бар жерде – ырыс бар. Береке-бірлігіміз бекем, татулығымыз тұғырлы болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ерейментауымыз еңселі, еліміз мерейлі болсын! — деді аудан әкімі Нұрлан Мұқатов.
Фото: Ерейментау ауданы әкімдігі



