Референдум
Конституцияға енгізілген түзетулер елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды белесі

Қасенов Мерей Бегендікұлы
“Amanat” партиясы Ерейментау аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулер елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды белесіне айналды. Аталған өзгерістер заң үстемдігін нығайтып, әділдік қағидаттарын бекемдеп, мемлекеттік биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттырды.
«AMANAT» партиясы бұл реформаларды іске асыруды жан-жақты қолдап, оларды түсіндіру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге үлес қосуда.
Жаңартулар партияның одан әрі дамуына серпін беріп, қоғамдық диалогты тереңдетуге және Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы қызметін күшейтуге тың мүмкіндіктер туғызды.



