Басты жаңалық

Ерейментауда өрт сөндіру бөлімі ашылды

Ерейментау қаласында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің арнайы қатысуымен №24 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ereimeninfo.kz «ЕРЕЙМЕН» газетіне сілтеме жасап.

Ерейментау – өндірістік әлеуеті бар, әлеуметтік нысандары мен кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған аудан орталығы. Қала мен оған қарасты елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи өрт сөндіру бөлімінің іске қосылуы – өңір үшін маңызды оқиға.

Салтанатты рәсімде министр құтқарушыларды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, бұл бөлімнің халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
– Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы – тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам. Материалдық-техникалық базаны жаңарту – біздің басты міндетіміз. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз – ел тыныштығының кепілі, – деді Шыңғыс Әрінов.
Іс-шарада өңірлік бөлімшелерге жаңа арнайы техникалардың кілттері табыс етілді.
— Toyota Hilux маркалы автокөлігі Ерейментау ауданы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Әлішер Тұрсымбаевқа;
— ТРЭКОЛ арнайы техникасы №24 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Асылхан Шошановқа;
— өрт сөндіру автокөлігі №24 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Рахат Әбіловке тапсырылды.
Сондай-ақ ТРЭКОЛ арнайы техникасының кілті Степногорск қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Қайыржан Нүржаксинге берілді.
Департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасына да бір Toyota Hilux автокөлігі табыс етілді.
Ал №24 өрт сөндіру бөлімінің бас-
тығы жаңа ғимараттың символдық кілтін алды.
Жаңа бөлім заманауи талаптарға сай жабдықталған және Ерейментау қаласы мен аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Енді бұл нысан төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, өңірдің қауіпсіздік деңгейін жаңа сатыға көтеретін болады.

Бахтияр ЖЕПЕНОВ,
Ерейментау ауданы әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button