Қоғам

Ата заң конституциализм талаптарына сай

Жаңа Конституция жобасының әлеуметтік сипаты мемлекеттік саясаттағы гуманистік қағидаларды нығайтуға деген ұмтылысты аңғартады. Жаңартылған Негізгі заңның түпқазығында адам, оның құқықтары мен ар-намысы ең жоғары құндылық ретінде белгіленеді. Бұл қазіргі конституционализм талаптарына толық сәйкес келеді.

Заң мен сот алдында баршаның теңдігі қағидатын бекіту – құқықтық мемлекеттің іргелі негіздерінің бірі. Аталған нормалардың Конституцияда кеңейтіліп, нақтылануы құқық қолдану тәжірибесіне және мемлекеттік органдардың қызметіне айқын бағыт-бағдар береді.

Жобадағы маңызды жаңалықтардың бірі – құқықтар мен бостандықтарды қорғау тетіктерін күшейту. Бұл жай ғана декларативті нормалармен шектелмей, нақты институционалдық кепілдіктерді көздейтін жүйелі тәсілге көшуді білдіреді.

Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің еркін қызмет етуін конституциялық деңгейде бекіту ерекше мәнге ие. Бұл азаматтық қоғамның дамуына және қоғамдық қатысу деңгейінің артуына берік құқықтық негіз қалайды.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер қоғамның әділдік пен құқықтық анықтыққа деген сұранысын айқындайды. Осы тұрғыда жобаның әлеуметтік бағыты оның басты әрі маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрініс табады.

Зарина Хабибуллина,
«Ерейментау еріктілері» еріктілер қозғалысының көшбасшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button