Басты жаңалық
Жаңа Конституция мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауды күшейтеді

Ләззат Қалтаева: Жаңа Конституция мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі.
— Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.
— Қазақстан Республикасының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциядан туындайтын халықаралық міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда да толық көлемде сақталады, — деді сенатор.



