Басты жаңалықҚоғам
Ерейментау ауданында Жолбасшы ауылының мәртебесі өзгерді

Ерейментау ауданы аумағында әкімшілік-аумақтық өзгеріс енгізілді деп хабарлайды аудан әкімдігі.
Ақмола облысы мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 8С 23-6 шешімі және Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № А-11/615 қаулысына сәйкес, Ақмырза ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылды. Ауыл есептік деректерден алынып, оның аумағы Ақмырза ауылына біріктірілді.
Өзгеріс ресми құжаттарда тіркеліп, заңды күшіне енді.



