Референдум

Конституциялық реформа – саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған

Оспанова Дина Михайловна,

Ерейментау ауданы «AMANAT» партиясы филиалының ПКК мүшесі:

Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси, құқықтық және институционалдық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе Қазақстан үшін конституциялық өзгерістер тәуелсіздік кезеңіндегі саяси дамудың жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық шешім болды.

Эксперттердің пікірінше, конституциялық реформа елдің басқару моделін жетілдіруге, билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталды.

Саясаттанушылардың айтуынша, реформаның басты мақсаты – суперпрезиденттік басқару моделінен біртіндеп «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына көшу. Бұл өзгерістер Парламенттің рөлін арттырып, оның заң шығару және бақылау функцияларын кеңейтті. Нәтижесінде, Мәжіліс пен Сенаттың ықпалы күшейіп, Үкіметтің есептілігі артты. Кейбір сарапшылар мұны саяси плюрализмді дамытуға және партиялық жүйені жандандыруға мүмкіндік беретін қадам деп бағалайды.

Құқықтанушылар конституциялық реформаның адам құқықтарын қорғау саласындағы жаңалықтарына ерекше назар аударады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты құрылуы құқықтық мемлекеттілікті нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Бұрынғы Конституциялық Кеңеспен салыстырғанда, жаңа орган азаматтарға тікелей жүгіну құқығын беру арқылы конституциялық бақылаудың аясын кеңейтті. Бұл – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сот жүйесіне деген сенімді күшейтуге ықпал ететін маңызды өзгеріс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button