Қоғам
1 наурыз күні Қойтас ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны өтті

1 наурыз күні Қойтас ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны өтті, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі.
Маңызды саяси науқанға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын айқын көрсетті.
Сайлауға үміткер ретінде Ахметов Имаш Кабидуллашұлы, Әлжанова Алмагүл Мейрамқызы және Саулебаев Мейрам Қаеркенұлы тіркеліп, сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жоспарларымен бөлісті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ахметов Имаш Кабидуллашұлы Қойтас ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Тұрғындар жаңа әкімге үлкен сенім артып, ауылдың өркендеуі жолында нәтижелі жұмыс атқарылады деген үміт білдіруде.



