Ауыл әкімін сайлау науқанына орай үгіт-насихат жүргізілді

Қойтас ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқанына орай үгіт-насихат жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізілді, деп хабарлайды ereimeninfo.kz ақпарат агенттігі.
Кандидаттар ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Кездесулер барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту, жол, , абаттандыру сынды мәселелер қозғалды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер ескерілді.
Сонымен қатар ақпараттық материалдар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары заң талаптарына сәйкес ашық әрі әділ өтті. Бұл науқан ауыл халқының саяси белсенділігін арттырып, елді мекеннің болашағына деген жауапкершілігін айқындай түсті.



