Басты жаңалықҚоғам

«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуде

Қазақстанда «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде деп хабарлайды жобаның баспасөз қызметі.

Бағдарлама несиесін төлей алмай жүрген, мүлкіне немесе жалақысына шектеу қойылған азаматтарға банкроттық, қарызды қайта құрылымдау және проблемалық несиеге қатысты заңгерлік кеңес береді. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) өтініш дайындауға қолдау көрсетіледі.

Кеңесті білікті заңгерлер мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары береді. Қызмет Қазақстанның барлық өңірінде көрсетіледі және толығымен тегін.

Байланыс орталығы:
8 700 099 01 54
8 700 023 01 44 (WhatsApp)
8 700 855 85 85
8 700 866 86 86

Жоба қарыз жүгін азайтуға және азаматтардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button